Қаратерек жалпы орта білім беру мектебінің тарихы
1929 жылы Орджоникидзе колхозында бастауыш мектеп ашылды.
1937 жылы мектепке «Орджоникидзе» аты берілді.
1947 жылы Орджоникидзе колхозы Қаратерек елді мекеніне көшіп келді.
1951 – 1952 жылдарында Орджоникидзе жеті жылдық мектебінде 8 оқытушы, 90 оқушы болды.
1959 жылы 7 жылдық мектеп, 8 жылдық мектеп болып құрылды. 8 жылдық мектепті бітірушілер саны 300 түлек болды.
1996 жылы мамыр айында Қаратерек орта мектебі болып өзгерді.